5 желтоқсан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогткалық колледжінде “Дін және жастар” тақырыбында дін мәселерін зерттеу орталығының маманы Абдувалинов Дастан Өмірұлымен кездесу өтті.
5 желтоқсан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогткалық колледжінде “Дін және жастар” тақырыбында дін мәселерін зерттеу орталығының маманы Абдувалинов Дастан Өмірұлымен кездесу өтті.
4 желтоқсан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 110 жылдығына орай Студенттік Парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен “Шахмат керуені” атты колледж студенттері арасында шахмат жарысы өтті.
30 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 4асКШО-9 тобы студенттерінің байқау практикасы қорытынды конференциясы ұйымдастырылды.
Сүйінші! Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 1аКДО-9 тобы студенттері ҚР оқу-ағарту министрлігі "Мың бала" республикалық зияткерлік орталығы ұйымдастырған "Абай оқулары" конкурсынан жүлделі 1-орын Мақсот Аяжан, Берік Эльмира және Ислям Айкөркем, жүлделі 2-орын Шоқан Айым және Бисенгалиева Лунара, жүлделі 3-орын Кеңес Раушан және Қадыржанқызы Қарақаттар жеңіп алды.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында прокуратура қызметкерлерімен кездесу өтті.
Колледжімізде “Дүниежүзілік СПИД күніне“ орай “СПИД-ғасыр дерті” тақырыбында СПИД орталығының маманы Умбетова Гульнара Кимовнамен кездесу өтті.
Кездесу барысында ВИЧ ауруының жұғу жолдары, белгілері және қалай емделу керектігі жөнінде айтылды. Сонымен қатар, студенттеріміз бұл ауру туралы тың ақпараттар алып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Бүгін қараша айының 29-шы жұлдызында жатақхана тұрғындарының ер балаларға арналған жоспарлы «Ұл бала-ұлт қорғаны» атты №3 аймақтық учаскелік полиция майоры Батыров Тенель Мендибаевичпен кездесу оздырылды. Бұл шараның мақсаты ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, спорттық іс-шараларға қатыстыру арқылы салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Әсіресе отбасында да, қоғамдық ортадағы ер баланы еңбек етуге, жолдастық қарым-қатынасқа, достыққа беріктікке тәрбиелеу.
30-қараша күні Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен ұлдар арасында волейболдан спорттық колледж лига жарысының финалдық кезеңі өтті.
30.11.2023 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж жанындағы жатақхана тұрғындарын өрт қауіпсіздігі жөнінде нұсқамамен таныстырып, өрттің алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Колледждің шаруашылық меңгерушісі А.Б.Уразалиев жатақхана қызметкерлері мен тұрғындарына арнайы ережелерді түсіндіріп, өрт болған жағдайда тез арада 101 жедел нөмеріне хабарлап, колледж әкімшілігіне хабарлау керектігін ескертті.